Белгілі бір тілдің жазу жүйесіне арналған әріптер жиынтығы мен рет тәртібі. Абай «Әліпби» өлеңінің әр жолын араб алфавитінің ретімен тізеді (М. Әуезов). Ең басты, әрі негізге мәселе славиян (кириллица) жазуын латын әліпбиімен қайтадан алмастыру қазақ үшін қаншалықты қажет деген мәселе әрбір оқырманды толғандырады («Халық кеңесі»). Кейбіреулер қазіргі әліппеміз өз тумамыз емес, оны тастап, болашағын ойласа, кереметі бар латын әліпбесін қабылдайық дейді (Т. Қордабаев).