Алмасу, кезектесу, ұтылау, алмалау, ауысу

Бірінің орнын бірі басу, алма-кезек ауыстыру. Сабақ беру әдісі тек бір ізбен жүргізілмей, алмасып, түрленіп отыруы керек (М. Мұқанов). Екі ауылдың жылқышылары жылқыны кезектесіп бағады (С. Омаров). Ашынған ызалы қол жеткенін баудай түсіріп, ұтылай қуып, қашқан қазақтардың тобын сирете берді (Х. Есенжанов). Сөз қыдыртқан, жұрт құтыртқан, Антын, арын саудалап. Бұтты-шатты, үй сана-ты, Байдан атты алмалап (Абай). Ауыл жастары қолдарына түскен кітапты ауыса оқып жүруді әдетке айналдырып алған (Т. Жангелдин).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *