Жұмыс істегенде таза-лық үшін алдына байланатын қорғаныш киім. Сауыншылар желіге жеткенде шүмекті ағаш шелектерін жерге қойып, сауыс болған тері алжапқыштарын, дізе қаптарын байлай, әңгімелесіп тұр (Ғ. Мұстафин). Үлкен көзді қара торы жігіт мойнына белдемшесін киді де, шөп машинасының орағын қайрауға кірісті (Б. Майлин). Аққұба келіншек алдына шалғыш шалып, бие сауып жатыр (І. Жансүгіров). Алшалғы-бие сауғанда, ет бұзғанда, етік тіккенде алдына байлап алатын, омырауы бітеу, қолтығы оймалы алжапқыш (С. Қасиманов).