Бәрінен бұрын, бірінші рет, шу дегенде. Алдымен еліктің көп тоқталатын жеріне баралық, бұйырса қалай кездеспес екен (С. Бегалин). Алғаш жауған қырбық қар көп жатпады, тез еріп кетті (Ә. Қалмырзаев). Ақыры болмағасын, әуел баста да істейін деп келгендері осы (Б. Аманшин). Жүрегі су етіп қалған Кенжеғұл әуелі аңырып тұрды да, замат оған қарай жақындады (Р.Райымқұлов).
Алдыңгүні, бұрнағы күні. Кешегіден бір күн бұрынғы. Ат ойнын көрсететін цирк алдыңғы күні көшіп, басқа қалаға кеткен (С. Шәріпов). Бұрнағы күні иықтағы жарамның аузы ашылды да, жұмысқа шығуға рұқсат бермей қойды (С. Мұқанов).