Алда-жалда өзінен жас біреу-міреу кіре қалса, Құбаекең шығып жүре береді (С. Мұқанов). Екеуі әлдеқалай кездесе қалса, аз сөйлестік дегеннің өзінде бірер сағат өткізіп жіберетін уақыттары болады (Б. Майлин). Егер кездейсоқ бірдеңеге килігіп, шырмалып қалмасақ, онда біз жұма күні партизандарға қосыламыз (Қ. Қайсенов). Зәуі-сайтан сонда да, біреуі түсе қалса, қасындағы қалғанын іліп әкетуге тырыс (М. Әуезов). Зәуде баланың көңілі Мажыраға ауған болса, қайтеміз қыстап (Ғ. Мұстафин). Мүбада сіз Рауаят етпек болсаңыз, мағынасыз, нәрсіз сөздерді қайталамаңыз (М. Әуезов).