Ала-құла, алағат, ала шабыр

Бір тегіс емес, бір жері олай, бір жері былай болып келген. Киізге аяқтың тепкісі түгелдей тимеген жағдайда киіз-дің пысып ширауы да ала-құла, нашар боп шығады (С. Қасиманов). Бастың желке тұсы қиқы-шиқы болды оны тегістеуге қанша күш салғанмен, алағат үстіне алағат қосыла берді (Т. Дәуренбеков). Әлібектің көмірдей қара шашы-на, тығыз дөңгелек қара сақалына ала шабыр ақ еніпті (Ғ. Мұстафин).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *