Алаяқтық, кәзәптық, найсаптық, сұрқиялық, сұмырайлық

Алаяқ болушылық. Ертең кеңседе жиналыс болады да, сонда әлгі үшеуінің алаяқты-ғы әшкерленеді (З. Жәкенов). Демек нағыз кәзәптыққа, баукеспелікке де бастайтын осы жол екен ғой (Ж. Алтайбаев). Сендер қасымызда балалар жоқ екен деп, үлкендердің арасында найсаптық істедіңдер (Ж. Өмірбеков). Жиренше туралы ертегіде халық ортасынан шыққан дарынды адамдарға хан төңірегіндегілердің сұрқиялық істейтіні көрсетілді («Қазақ ССР тарихы»).Сұлулықты сүйетін, сұмырайлықтан безетін адамға айналаның әсері, қимы-лы,бәрі анық көрініп отырады (А. Тоқмағанбетов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *