Аумалы-төкпелі қиыншылық уақыт. Жау жағадан, бөрі етектен алды, адам айтқысыз аласапыран күн туды (С. Талжанов). Іргеңді қымтап сайма-сай жүрмесен мына бұлаң заман артынды ашып кетеді (О. Сәрсенбаев). Бұлан-талан бір бұлағай басталды, Ақырғандай мың арыстан тордағы (Қ. Шаңғытбаев). Халық кімнің досы, кімнің қас екенін ажыратып болмаған дүр-белең кезең (С. Байжанов). Соғыстың мұндай сергелдеңінде ілгері кеттік не кейін шегіндік (С. Бердіғұлов). Мұны соңғы күндердің сүргелеңі қатты сездіріп отыр (Ә. Қалмырзаев).