Аласалу, аласарақ, мыртықтау, тапалдау, тапалдақтау, мықырлау, тапалтақ, бәкейнелеу, жатағандау, бәкелтек, жертаған. Онша биік емес, бойшаң емес, қысқарақ

 Оншалық ұзын емес кеңсенің екі қапталында аласа-лау келген екі ақ үй тұр (З. Шүкіров). Жүрсе де ол аспанда қанат қағып, сез-гендей өзін бізден аласарақ (Т. Молдағалиев). Даяр болған вагондарды көр-сет,-деді мыртықтау келген аласа неміс (Ә. Шәріпов). Мақсұттың көзі енді Омарда, тапалдау келген кең иықты адам екен (С. Сарғасқаев). Сөйтіп тұрғанда тапалдақтау ақ сары орыс Шегір жетіп келді (С. Сейфуллин). Ол өзіне адырая қарап қалған мықырлау қара кісіге қолындағы қағазын ұсына берді (І. Жансүгіров). Бұл сөзді айтқан кезде тапалтақ капитан орнынан тұрды (Б. Момышұлы). Әне біреу бәкейнелеуқос үйге ас-су қойылып, күтушілер тұрады (А. Сейдімбеков). Бой жағынан маған қарағанда жатаған-дау болуының өзі мен үшін тұп-тура қара кесел болып тиді (К. Сегізбаев). Бабаң жаудан қайтпаған, бар ұстас,-деп қарсы топтан бәкелтек сары қопаң етті (С. Сматаев). Теңселіс күшейіп аласалау келген жертағанжеміс ағаштары ептеп қана қозғалар еді («Лен.жас.»).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *