Елге келген апатты жағдай, ауыртпалық, қырғын жойқын. Бір жылы бүкіл елге жаппай келген алапаттан Медеттің отыз ұлы түгел қырылады (С. Жүнісов). Осыдан біраз жыл бұрын басына түскен нәубет-ашаршылық келмеске кетті ғой (Ә. Бөрйев). Бұл іргені тіпті зілзала жер сілкінісі де қозғай алмайды (Ж. Жұмаханов). Ел басына келген зобалаңнынсалқыны сенің де арқана аяздай батып жүрер ме екен (Ж. Мусин). Соғыс деген зұлматты адам тіршілігінен шығарып тастайтын кез келген сияқты («Қаз. әдеб.»). Соғыстың қандай қияпат екенін сол күні-ақ түсіндім (І. Есенберлин). Келген қырсық, төнген зәуліден ада құтылады (А. Алжанов).