Алайда, бірақ, дегенмен, сонда да, әйткенмен, әйтсе де, сөйткенмен, ләкін

 Қарсылықты салалас сөйлемдердегі жай сөйлем баяндауыштарын байланыстыратын жалғаулықтар. Мұқиттың Қайырбек үйіне келгені бір бұл емес. Алайда мына сәнді бөлмесін көруі бірінші рет (Ғ. Сланов). Жабай атты жақсы мінетін, киімді жақсы киетін, бірақ мал жимайтынадам болды (С. Мұқанов). Дегенмен, сақ болыңдар, қамысы тым үрейлі екен, қасқыр, қабаннан ада емес шығар (І. Есенберлин). Ағаштың арасына кіре өкпек желден құтылдым, сонда да тоңғам денемнің түршігуі басыла қоймады (С. Мұқанов). Әйткенмен аңқылдаған ақкөңіл мінезі, сергектігі тосын көзге қарттың қалдырап отырғынын аңғартпайды (М. Иманжанов). Қайғының ауыр екенін мен де білемін, әйтсе де сабыр сақтауын керек емеп пе (С. Омаров). Сөйткенмен ол өз қатесін тез түсініп, ешкімге қарсы келмей, сабыр сақтады («Қаз. әдеб.»). Ләкінбұл Хангелдіні білмейді екен,-деді Айназар (С. Сейфуллин).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *