Айқындау, анықтау, нақтылау, дәлелдеу, айғақтау, аяндау, дерек-тек, растау, куәландыру, негіздеу

 Белгілі бір істін дұрыстығына нақтылы көз жеткізу. Ұзақ түнге бітпеген кеңестер Сырдарияның шөлді даласын сусындату мәселесін айқындай түсті (С. Мұқанов). Командирлер бұйрық бойынша бет алыстарын анықтап, карталарын салыстырып, тексеріп болған соң, өз топтарына кетті («Ол күндердің өшпес даңқы»). Енді оқу-жаттығу уақытын нақтылайық (Ө. Жарылғапов). Үкімет алдында өзімнің кінәсіз екенімді дәлелдеп шығуға бармын (І. Есенберлин). «Жүзден-жүз» деген сөздің дабыра емес, шындық болғанын айғақтап, омырауында алтын жұлдыз жарқырайды (С. Бақбергенов). Уақыт, мұрша берші, аялдашы, анықтап жол-дарымдыаяндашы (М. Әлімбаев). Біраз нәрсені деректеп, анықтап алу керек еді (Б. Момышұлы). Есеп машинасының жасаған формуласы сынақтың дұрыстығын растады (Т. Шаханов). Олардың араларындағы алыс-берісті куәландырудан басқа істе біздің жұмысымыз жоқ (Ғ. Мүсірепов). Осы бір көріністің бәрін Әлханбек Мәлкеев толықтыра, негіздей түсті (Б. Тоқтаров).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *