Айыпкер, қылмысты, қылмыскер, құныкер, айыпқор сөйл

Қыл-мысты іс істеген, жауапқа тартылған адам. Заңға қайшы істеген қылмыс-тың іс-әрекеті үшін жауапқа тартылуға тиісті адамды әдетте айыпкер дейміз («Егемен Қазақстан»). Ертеде қырғыз заманда Тарғын деген батыр кісі өлті-ріп, ханына қылмысты болып қырық сан Қырым жұртына қашып барады («Ер Тарғын»). Мемлекеттің қаруын жауына берген ондай қылмыскер сіз айтпасаңыз да айдалады, — деді қыз Мәдиге (Ә. Әбішев). Сырлыбай қанша ағайынға жан тартқанмен де ақ патшаның алдында да, бұның алдында да қолын қандап құныкер бола алмасы хақ (Ә. Кекілбаев). Солардың көпе-көр-неу кесірінен енді міне айыпқор болып отыр («Жұлдыз»).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *