Айтыссыз, керіссіз, талассыз, айтыс-тартыссыз, дау-дамайсыз, дау-шарсыз, ың-шыңсыз

 Дау-дамайға бармай, жанжал тудырмай, айқай-шусыз. Пікірталасынсыз, ұрыс-керіссіз. Жұрт «осы арадан айтыс басталып кетер» дегенімен, мәжіліс айтыссыз тарады (С. Мұқанов). Үй іші керіссіз болмас, орман бөрісіз болмас (Мақал). Деді де батыр қырандай, жан-жағына көз салды: өңшең ерлер талассыз, батырдың сөзін құп алды (О. Шипин). Әкеміз ынжықтау, қорқақтау болғандықтан ба екен, дау-дамайсыз, айтыс-тартыссыз жұмысын істей беретін («Түркістан»). Екеуара отырып олар бір пікірге тоқтап, бұл істің жайын дау-дамайсыз әбден шешкен сияқты (С. Ғаббасов).Ауыл адамдары ешбір дау-шарсыз өз тірліктерімен айналысып жатты («Лен. жас»). Күйеуі соғыста өлген әйелдер ың-шыңсыз тұрмысқа шығып кетіп қалысады (Ж. Молдағалиев).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *