Жасы кішіге, балаға, жақсы көретін нәрсеге қарата айтыла-тын еркелеткіш сөз. Бар байлығын астық қылып ақтарған, айналайын анқыл-даған халқымнан (Р. Өтегенов). Аспанға болман алтын күн, қызуым оған жетпейді. Кім болам, айтшы, жарқыным, көкейден осы ой кетпейді (Ө. Нұрғалиев). Жаным балам, мен соларды, көрем бүгін тағы да. Өлең деген ағылады, менен бүгін тағы да (Қ. Шаңғытбаев). Түсінсейші жарықтығым, мен қоғам малы үшін осындай әрекетке бардым («Лен.жас.»). Отыршы, айнам саған әкелген базарлығым бар, — деп, әжесі немересін еркелетіп жатыр («Соц.қаз.»). Күнім, айым, айнашым, құлақ бауын байлашы (Қ. Мырзалиев). Күлімдеген көзінен айналдым, — деді Айғызға емірене қараған Садырбай (Қ. Исабаев).