Өзіннің жаманшылық ойын жүзеге асыру жолындағы ұстанатын алдамшы іс-әрекет. Айла-шарғыға жеттік жау жендеттері атқыштар бөлмесін нысанаға алған (Ә. Әбішев). Қитұрқы зымияндық қарекеттің шын туатқа келгенде соғар жерін ел ішіндегі ең аңқау, ең парықсыз дегендердің өздері де байқап қалды (Ә. Шәріпов). Аттың аяғын сындыру, маңдайдан балтамен ұрып жығу сияқты қулық-сұмдық шықты (З. Ақышев).