Айлакер, айлалы, айлашыл, айлакес, айлақор, қулықшыл, қырқар

 Кез келген қиындықтан жол тауып шыға алатын айла-тәсілі мол, тәсілі көп. Әзімбай анығында әкелерінен әлдеқайда айлакер, көреген боп шықты (М. Әуезов). Жас та болса әр сөздің астарын аңдып, сезіп отыратын бұл да айлалы жігіт (М. Дүзенов).Кейде қартаң, сырдаң, жаман айлашыл, бұқпантай адамдар кезігеді (М. Әуезов). Астартын жамандауға айлакес болғанмен, мынадай үлкен әділ қазының алдында ашық шындыққа бара алмайтын (М. Әуезов). Өш алуға келгенде айлақор, сабырлы аға сұлтан шу шығармай, іштен тынған да қойған (І. Есенберлин). Рахымберді деген ойын-шы, өлеңші, өнершіл, қулықшыл, тапқыр болған деседі («Шопан серігі»). Кенежаға болса, ол да бір қырқар, оңай жеңіле қоймас-ты (Ғ. Мүсірепов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *