Айлакерлік, айлалылық, тәсілқойлық, тәсілшілдік, әдісқойлық,айлакестік райкерлік

 Айлакер болушылық. Батыр атамыздың айлакер-лігіне, қысылшаң жерден жол табатындығына сүйсінеміз кеп (Т. Ыдырысов). Оның мәнісі: ісінің түзулігінен жетпессің, кісінің амалшы айлалығынан жетерсің деген сөз (Абай).Бұған керуен басы Мұсабайдың тәсілқойлығы да көп себеп болды (Б. Соқпақбаев). Ал бұл жағдай сонда істеп жүрген адамдардың тапқырлығын, тәсілшілдігін керек етеді (М. Қайрақбаев). Бүгін спортшыдан әдісқойлық көбірек талап етіледі («Спорт жұлдыздары»). Жоба-лайдың батырлығынан бұрын, адамның ойына келмейтін қулықты табатын айлакестігі бөлек еді (М. Әуезов). Сүймеген адамның құшағында Гүлпаш райкерлік жасай ала ма (Т. Әлімқұлов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *