Жайылып жатқан су алабы. Гүлдер өсіп толыпты, келіп қапты сұлу жаз. Айдын көлге қоныпты, ақша бұлттай аққу қаз (С. Мәуленов). Үстінде дүниені алған жайқын көлдің, бетінде қаз қаңқылдаған («Ақан сері»). Ақырын соққан самал шалқар көлдің ақша бетін аймалап сүйгендей болады (Ғ. Мүсірепов).