Адам, кісі, жан, пенде,қаумет

Ойлап сөз сөйлей алатын, еңбек құралдарын жасап, оларды өз қажетіне жарата білетін саналы қоғам мүшесі, тірі жан, жан иесі. Мұндағы «жан» деген сөз ауыс мағынада келіп, адам, кісі ұғымын білдіріп тұр. Пенде-Құдай еркіндегі кіріптар, тәуелді адам, Құдайдың құлы дегенді аңғартады. Не күшті дүниеде адам күшті, көрдіңіз бір ғасырда талай істі («Ақын жырлары»). Жамандығын сезілсе, жақын кісі жат болар, Өмір сүрген кісіге дәулет қызық, бала – бал (Абай). Тоңбике еш уақытта да байлықты арман еткен жан емес (Д. Әбілев). Әуелі пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды (Абай). Азды – көп тақсыретін тартқан білер, Сағынар денсаулықты жанды қаумет; Қиналып, қысылғанда қол беретін Тәбиптен кетті ме екен құрып әулет («ХХ ғ.қаз.ақын.»).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *