Ұсынар ем жүрегімді мен саған

,Ұсынар ем жүрегімді мен саған
Оты сөнген сорлы жүрек мұп-мұздай.
Көңіл түбі жарық сәуле аңсаған,
Қара түнде үңірейген тік құздай.
Өмірімді кияр едім көз жұмып,
Қысқа өмірдің жетер жері қалды аз-ақ.
Қурап-солған үмітімді сөз қылып,
Көрінгенге болып қайтем мен мазақ.
Екі басқа әйел мұңы, ер мұңы,
Бастан кешкен оның жайын сұрамас.
Ыстық сезім шарпуына ендігі,
Көп өртенген менің жаным шыдамас…
 
 
 

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *