ҮШНШІ ДАУЫС

Кекпен қайнап,от шайнаған батырмын,
Жау қанына семсерiмдi батырдым.
Бейбiт елiм шырт ұйқыда жатқанда,
Ат үстiнде көз iлмей таң атырдым.
Қаhарлансам тартып iшке қанымды,
Қалтыраттым патшаңды да ханыңды.
Мен қайғының қара тауын көтердiм,
Найза ұшына байлап шыбын жанымды.
Елiм,
Елiм,
Сен деп қана күн кештiм.
Сен күлмесең, езу тартып күлмеспiн.
Жер бетiнде сен болмасаң егерде,
Мен өмiрдiң не екенiн
бiлмеспiн…
Өмiр,
Өмiр,
Мәңгi саған ғашықпын.
Мен тiлеймiн аспаныңа ашық күн.
Тыныш сүрген бiр күнiңе не жетер,
Қанiшердi қалсын мәңгi басып құм…
Сарайынан сырт қап сайран-сауықтың,
Уысында өстiм болат сауыттың.
Туған елiм,
Сен күрсiнсең қайғырдым,
Сен қуансаң, мен дертiмнен сауықтым.
Туған елсiз ердiң күнi құрысын…
Алысқанда болдым шабар қылышың.
Талыққанда болдым ұшар қанатың,
Тарыққанда болдым алар тынысың.
Туған елiм,
Махббатың–жанға дәт.
Ара түстiм алған шақта жау қамап.
Хан мен бектер қашт
ы басын сауғалап,
Тағдырыңды базарға сап, саудалап…
..Оқ өтпейтiн табылады жан қайдан?..
Өз есесiн жiбере ме қан майдан?
Әттең, әттең,қапы кеттiм қайтейiн,
Соқты ажалдың сұр жебесi маңдайдан

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *