Жанталасып дамыл алмай,
Көкіректе кек қайнап,
Қарсы атылып қабыландай,
Қанша ғасыр шекті айбат.
Қанжылады-
Қалды бәрі,
Қатер төнді төбеден.
Қалжырады-
Талды қары,
Кетті қуат жебеден.
Кешегі өткен ер үндістер
Tүcтepiнe енеді.
Бас көтертпей жебір күштер
Желкелейді, тебеді.
Түсе алады кiм араға,
Енді қанша тоналмақ?
Жер бетінен бipaжола
Құрып кетсе не болмақ?
Тұңғиыққа тартады ма,
Бара жатыр қайда алып?
Шаштарыңың әр талына
Батпан азап байланып.
Елес болып арман үрдіс,
Жауады өлім жаңбыры.
Не болады қалған үндіс
Ұрпағының тағдыры?!.
Азап!
Азап!
Пешенеге жазылған…
Азаптының удай ащы зар-мұңы.
Үндіс көpi әлдеқашан қазылған,
Kipy керек—
Құру керек барлығы…
Ажал!
Ажал
НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ