Қарақұстар келе жатыр аққуымды қамалап,
Қара түнек басып кетті қанатымен сабалап.
Барлығын да өздеріңе қалдырамын, жамағат:
Ән-аманат,
Ел-аманат,
Жер-аманат, аманат!
Айтшы, кәне, не болғанын сеземісің, қызыл қан,
Енді мынау дүниеден беземісің, қызыл қан.
Қармен бipгe ғайып болып,
сумен бipгe сылдырап,
Қызыл тамшы болып жерді кеземісің, қызыл қан.
Сенемісің,
Сен-өлісің,
Сен-өлісің,қызыл қан!
Құлап түcтi аққу-ән,
Қанатынан ақты қан.
Жүсіпбектің көз алды-
Қара тұман, ақ тұман,
Қара тұман, ақ тұман.
Қайран көңіл аңдамай
Қирап қалған арбадай.
Сұңқылдайды домбыра,
Cұңқap дауыс самғамай,
Арман, арман, арман-ай!..
Қыстан кейін сызылып жаз келеді, дариға-ай,
Қатар-қатар тізіліп қаз келеді дариға-ай!
Сиреп қайтқан әскердей аз келеді, дариға-ай,
Көк төсінен үзіліп саз келеді, дариға-ай!
НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ