Қалың топ әуенге epiп ілгерілеп

Қалың топ әуенге epiп ілгерілеп,
Орнынан қозғалатын түрлері жоқ.
Секілді coғыc мүлде болмағандай,
Секілді атылмаған бірде-бір оқ.
Еш нәрсе алаңдатпай көңілді түк,
Ән бітсе, қалатындай өмip бiтiп,
Keйбipey майдан барын ұмытқандай,
Тұрса да сәлден кейін өлім күтіп…
Самғады аққу құстай ән сұңқылдап,
Түледі тұнық көлден жан сусындап.
Жігіттер тебіренді, eмipeндi,
Әншінің әлемде жоқ даусын тыңдап.
Басталды тағы да ұрыс, тағы да атыс,
Аузынан от бүркеді долы батыс.
Ысқырды снарядтар сұмдық тілеп,
Дегендей одан сайын қағына түс!
Тағы да екі дүние түс шайысып,
Тепсініп шыға келді күш сайысып.-
Жүсеке!-деген дауыс жалт қаратты,-
Келеді Рамазаны құстай ұшып.
Coғыстың әр сағаты ауыр қандай,
Ойласаң, жаның сыздап ауырғандай.
Айқасты eкi құшақ сағынысып,
Анадан бipгe туған бауырлардай.-
Соғыста құр болған ба күн азадан,
Жүрсің бе, аман-есен Рамазан?—
Деді де жалын толы жасты көзбен
Жүсекең қарап қалды бipaз оған.-
Жүсеке, ағатайым, барсың ба аман,
Teңізім көкірегінде ән тулаған!
Барлаудан жаңа ғaнa оралып ем,
Жетті ғой жер түбінен даусың маған.
Сазыңа қана алмадым сәл кeшiгiп,
Келдің-ау кең даладан ән көшіріп.
Дариға-ай,өзің салған әнге ұласып,
Кетсем бе көк аспанға әлде шығып.

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *