Сұхбатына мен құмар жан жақын тартып көрген емес,
Лебізіме зар болғанға көңілім пейіл берген емес.
Менен ләззат алғысы кеп емінгеннен не табамын,
Менің қолқа салғандарым дегеніме көнген емес.
Пері менен хордың қызы думандатсын қызығы не,
Бірі тастап көз қиығын, бірі қасын керген емес.
Сонша сұлу көрінгенмен ай мен күннен қайыр қанша,
Тұла бойды сөгілдіріп, өрт боп ішке енген емес.
Ажал құшсам армансызбын есі кете сүйген жаннан,
Жаралғалы жалқы жүрек сиқыр сөзге сенген емес.
Түсіп қалма сайқал дүние арбауына абайсызда,
Мойныңа бір салса тұзақ, өзіңнен көр, елден емес.
Айдай ару алау жүзін ашса, Науаи сұқтан қорғап,
Махаббатын тұтандырса, ешбір пәле келген емес!
НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ