Сенсің менің шамшырағым жүрегімде сөнбейтін

Сенсің менің шамшырағым жүрегімде сөнбейтін,
Болса,шіркін, ұжмақта да ғазиз жаның өлмейтін.
Ай жүзіңе қадалумен көз сусынын қандырам,
Көкірегім қу медиен ләззатыңа шөлдейтін.
Бұл дүниенің бар байлығы тырнағыңа татымас,
Дел-сал қылған ауыр дерттен өзің ғана емдейтін.
Шершис құсап жетпіс мәрте көр аузынан қайтсам да,
Мен байқұста не шара бар азабыңа көнбейтін?
Жабырқатпа ғашықтықтан ғаріп болған Жүністі,
Ат басындай алтынға да көлеңкеңді бермейтін.
 
 
 

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *