Жетсем бе деп ойлап еді,жете алмады жас қыран,
Топшысынан қайрат кетті, омырауын басты қан.
Келген жері осы болды сүйреп жансыз cepiгiн,
Әрең алып шығып еді бораған оқ астынан.
Жанарына перде тұрды қызыл-жасыл бояудан,
Шыңылдайды, шырылдайды нәзік тipлiк-аяулы ән.
Аппақ дала айналаны ақыреттей орап ап,
Аңыраған ана даусы шығатындай таяудан.
Бір жалт eтiп, ата мекен, ақ беciгi,мөлдір шақ,
Қарауытты ажал төрі жауып тұрған сел бұршақ.
Ақтық демі аласұрып алқымына тығылды,
Ақтық сөзін айтып қалсын ей, дүние,бер мұрсат!
Аяз қысқан жас қайыңдай мұздап кетті денесі:
«Тезірек мін, жүрем!»деді қаралы өлім кемесі.
«Miнбe!» деді,
«Көнбе!» деді,
«Өлме!» деді айғай сап,
Аппақ құс боп ұшып келіп Жүсіпбектің елесі.
Әpi сиқыр, әpi сұмдық өлім-өмір арасы,
Айтарыңды айтып үлгер, ей, адамзат баласы.
Жүсіпбектің елесімен арыздасып соңғы рет,
Сөнбей қалған қызыл шоқтай сөйлеп жатыр санасы:
«Көріскенше күн жақсы!»деп қоштасып ек бағана,
Енді мәңгі қоштасуға тура келді, жан aғa!
Дүниенің шеше алмастан белгісіз сан түйінін,
Сапар шeгiп кетіп барам белгісіз бip жағаға.
Желден бұрын жетеді ғой қаз
а деген жаманат,
Қалжыратып кетеді ғой жүректерді жаралап.
Өлгеніме өкінбеймін, Отан үшін пидамын:
Әнім саған,
Әнім саған,
Әнім саған-аманат!
Жолданбаған хаттарым да, жан жарым да-аманат,
Сайрандаған бақтарым да, таңдарым да-аманат!
Жүрілмеген жолдарым да, мінілмеген жүйрігім,
Орманым да,
Көлдерім де,
Тауларым да-аманат!
Мен жүгіріп жете алмаған қиырлар да-аманат,
Мен жол тауып өте алмаған қиындар да-аманат!
Жасалмаған тойларым да, айтылмаған ойларым,
Мен өткізіп кете алмаған
жиындар да-аманат!
Туған елдің алдындағы қарыздарым-аманат,
Ақталмаған ана cүтi, парыздарым-аманат!
Әлі шығып үлгірмеген
сәбиімнің тіліде,
Баба сөзі,
Ата жыры,
Аңыздарым-аманат
НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ