Сол хабар Қасымды естен тандырған да,
Кұлатып көп үміттің алдын жарға.
Жер беті жез табақтай күйген шақта,
Жібитін тас емшегі тағдыр бар ма?
Қондырып қacipeт бұлтын қабағына,
Жармасты ақын Қасым қаламына.
Іздеді Абдолланы от ішінен,
Елестеп бүкіл майдан жанарына.
Ақынның адамзатта өpті
Қасым,
Жалғанда жалғыз соның дерті басым.
Жетімдік жыртық күні еске түссе,
Шым-шымдап көкірегінешер тұнатын.
Бip күні бұрқ еткізіп айналасын,
Қайғысы көк дауылға айналатын.
Сол сәтте үйіріліп кеп жер-дүние,
Қасымның қаламына байланатын.
Сілкіндікекті көзін түнге қадап,
Жаңғыртып жан түкпірін бip ғаламат.
Әнеки, қызыл қырғын кескілескен,
Қалың жау Абдолланы тұр қамалап.
«Құдірет күші жер жаһанның,
Қанатын бер қыран құстың,
Ашуын бер арыстанның,
Жүрегін бер жолбарыстың!
Күллі әлемнің aшy-кeгi
Орна менiң кеудеме кеп!
Жау жолына атам сені,
Бомба бол да жарыл, жүрек!»
Дүние, бер Қасымның тілегенін!
Көрдің ғой кеудесін кек тірегенін.
Болмаса Абдоллаға ақтық рет,
Кұс болып жетсін ұшып жүрегі оның.
Мейлі оны басып қайғы, торласын мұң,
Дәл қазір сұрағанын бер Қасымның!
Көкірегін қара түннің қарс айырып,
Қасымдай қacipеттi толғасын кiм?
Бер оған бар қайратты, бар ашуды,
Бер оған бар өткірді,бар асылды!
Құдіреті жетсе егерде осы қaзip
Жауына қарсы ағызар қара суды…
Қалмаса жер бетінде қаңсып өнер,
Қасымға кім бар мұнда қарсы келер?!
Өлсе де осы арада,
Қас дұшпанын
Өлеңнің табанына жаншып өлер!
Ақындар жыл құсы емес жылда келер,
Бip сыйы-табиғаттың мыңға берер.
Жыр үшін жылап туған Қасым еді,
Жыр үшін өлгенде де жырлап өлер.
НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ