АҢДАТУ (грек. proloqos-алғы сөз) — әдеби шығарманың беташары секілді. негізгі оқиғаға тікелей қатынасы жоқ кіріспе бөлігі. Мұнда,әдетте,оқиға желісінің бағыт-бағдарын алдын ала аңғарту мақсатымен бұрынырақ болған кейбір жайлар баяндалады. Мыс.,»Еңлік -Кебек» дастанының бас жағындағы «Әңгіме алдындағы аз сөз» деген кіріспе аңдату ретімен берілген. А. казақ әдебиеттану ғылымына А.Байтұрсынов енгізген атау.