АҚЫШ Нұрдәулет Бәбиханұлы (15.6.1950 ж.т.. Шығ. Қазақстан обл. Тарбағатай ауд. Маңырақа.)-жазушы,ғалым, филол. ғыл канд. (2004). ҚазҰПУ-ды бітірген (1973). 1976 -79 ж. «Мектеп», «Жалын» кітап баспаларында редактор,1980 -84 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде аға тілші, 1984 -86 ж. «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер,1986 -87 ж. » Қазақфильм» киностудиясында сценарист,1987 -90 ж. «Қазақстан мұғалімі» газетінде бөлім меңгерушісі, 1990 -92 ж. «Халық кеңесі» газетінде парламент шолушысы,алқа мүшесі, «Заң» газеті бас редакторының орынбасары,»Балауса» баспасының бас редакторы,»Білім-Образование» журналының бас редакторы қызметтерін атқарды. Қазір Әдебиет және өнер ин-тында ғыл. қызметкер,»Үндемейтін ұл» (1982), «Қияннан келген көгершін» (1984), «Сынық домбыраның сазы» (1985),»Таң алдындағы дабыл» (1987),»Жатақхана қыздары» (1990), «Ұры қыздың тағдыры» (2001), А.Қоразбаев туралы «Алтынбектің балалық шағы» (2003),»Балалар елін бағындыру» (2005) атты көркем шығармалар жинағы мен «Зұлмат кезең қазақ прозасында» монографиясы (2005) жарық көрген. Балаларға да арналған «Жұмбақ іздер»,»Әбдіреден шыққан қылыш»,»Қиырдан келген көгершін», «Киелі көлдің қарақшылары»,»Бейуақта жанғанот»,т.б. шығармалары бар. Жазушының «Жұмбақ іздер» (1977),»Таң алдындағы дабыл» (1985),»Батпақты тоғай басында» (1986),»Киелі көлдіңқарақшылары»(1987)шығармалары кезінде «Жалын» баспасының жабық байқауында жүлделергеие болған.