АҚЫПБЕКОВ Өтепберген (8.10. 1950 ж.т.. Алматы обл. Қапалауд. Ақсу а.) -ақын. 1973 -85 ж. «Қапал еңбеккерлері» газетінде аға тілші, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары,»Октябрь туы» (казіргі «Жерұйық») газетінде жауапты хатшының орынбасары,бөлім меңгерушісі,1985-95ж.»Қазақәдебиеті»,»Жалын»,»Денсаулық»,»Жан-ашыр»,»Халық конгресі» басылымдарында аға тілші, бөлім меңгерушісі, бөлім редакторы, жауапты хатшы,1995 -98 ж. «Казгидромет» агенттігінде, ҚР Парламенті Мәжілісінің аппаратында, ҚР Ұлттық Банкінде жұмыс істеген. Қазір ҚР Әділет министрлігінің басқарма бастығы. Алғашқы өлеңдері 1973 жылдан жариялана бастады. Балаларға арнап «Доп» (1985), «Футболшы боламын» (1982),»Жарыс» (1985), «Айдын шалқар» (1986),»Жарыстан соң жарыс»,»Балабақтың бір күні»,»Экологиялық әліппе», «Қырық қыз»,
«Балдай тәтті әліппе»,»Ажарлы Астана»,»Қызықты әліппе»,»Айдындағы әліппе», «Керек кітап», «Мен таңдайтын мамандық»,»Төрт түлік төресі кім?» (1986),»Жылдың төрт мезгілі» (1990), т.б. жыр жинақтары жарық көрді. Литван ақындары Г.Леонардас пен Г.Рамутенің,шешен ақыны А. Ахметукаевтың бір топ өлеңдерін қазақтіліне аударған. Бірнеше дүркін Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан ЛКЖО ОК мен «Жалын» баспасының бірлескен дәстүрлі жабық байқауының және респ., халықар. мүшәйралардың жүлдегері болды.