АҚЫНБЕКОВ Еркінбек (1863. Оңт. Қазақстан обл. Түркістан ауд. Күшатаа. -1918, Түркістанқ.) -ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы. Әулиеата (Тараз), Шымкент уездік басқармаларында тілмаштық қызмет атқарған. Түркістан қ-нда уездік атқару к-нде қызмет істеген. А. қазақ халқының батырлық, ғашықтық, тұрмыс-салт жырларын жинаумен шұғылданды. Ә. Диваевпен тығыз шығарм. байланыс жасап тұрды. «Алпамыс», «Бекет батыр» жырларының А-тен жазып алынған нұсқасын Диваев 1897. 1916, 1922 жылдары жариялады. А. дастандарды, толғауларды жатқа айтумен бірге өзі де қысқа өлеңдер шығарған.