АНТОНОВ Валерий Александрович (25.4.1933 ж.т.. Өзбекстан Әндіжан қ.) -ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1957). Баспа саласында, Қазақ радиосында редактор, Қазақстан Жазушылар одағы облысаралық бөлімшесінде әдеби кеңесші,»Простор» журналында бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. «Туған күн» (1956),»Жол айырығы» (1961), «Үндесейік, тілдесейік» (1967),»Көне асатаяқ» (1976),т.б. жыр жинақтары жарық көрген. Бірнеше медальдармен марапатталған.