АНАНИМ — бүркеншік аттың бір түрі. Құрастырылу жолы: кісі есімі әдеттегідей бас әріптен соңына қарай оқылған түрде емес,керісінше,аяқ жағынан кері қарай оқылған сипатта жазылған. Мыс., орыс мысалшысы Иван Крылов кейбір шығармаларын Нави Волырк деген атпен жариялап отырған.