АМАНҰЛЫ Жарылқасын

АМАНҰЛЫ Жарылқасын (5.3.19-38 ж.т., Жамбыл обл. Талас ауд. Қызылжар елді мекені) -ақын. Алматы сауда техникумын (1958). Мәскеудің сауда ин-тын (1965) бітірген. Сауда саласында, ауд. комсомол к-нде қызмет істеген. 1974 -91 ж. шығарм. жұмыспен айналысты. 1991 -94 ж. «Ислам шапағаты» газетінде бас редактор. 1994 -95 ж. «Қаржы -қаражат» журналы бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған. Қазір респ. «Бәйдібек баба» қоғамдық қорының президенті. Оның «Жас керуен» (1969. ұжымдық),»Көкпар» (1970), «Жастық жалын» (1971),»Ынтызар жүрек»
(1976),»Нұрлы әлем» (1978), «Құрыш қолдар» (1980),»Алатау аясында» (1984),»Шақырады кең дала» (1986),»Асуым алғы күндерім» (1987),»Өмірімнің өрнегі» (1988),»Қоңыраулы керуен» (1990), «Ақ бата» (1992) өлең кітаптары, сондай-ақ, «Қарасай баһадүр» (1998) атты прозалық кітаптары жарық көрген. 30-ға жуық әннің авторы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *