АЛҒАЗЫҰЛЫ Шарғын

АЛҒАЗЫҰЛЫ Шарғын (1903. Алматы обл. Ұйғыр ауд, Ұзынтам -1988. Райымбекауд.. Қожманбета.)-ақын. 1920 -21 ж. ақын мектебінде ақын Додабаев Маңұтаннан дәріс алған. 1925 -30 ж. болыстық атқару к-нде хатшы болып,ауылды ұжымдастыру науқанына белсене араласады. 1932 ж. асыра сілтеушіліктің лаңымен Қытайға қоныс аударуға мәжбүр болады. 1934 -58 ж. аралығында Қытайдағы қазақ ақындарында ағартушылықпен айналысып, мұғалім, мектеп директоры. ауд. оқу,мәдениет бөлімдерінің меңгерушісі. халық кеңесінің хатшысы сияқты қызметтер атқарады. Ақын Таңжарық Жолдыұлымен бірлесіп, Құлжа қ-да тұңғыш қазақ газеті «Іле газетін» шығаруға ат салысады. Бұдан кейінгі ашылған»Төңкеріс таңы»,»Білім арнасы»,»Одақ» т.б. газет-журналдарда шығармалары жарияланып тұрған. А.Таңжарықпен, Нәсілхан қызбен,Күлшарханмен айтысып, «Шалкөде -жырдың жайлауы» дастанын шығарады. Оның туындылары Шыңжаңның барлық баспасөз беттерінде,Пекиндегі «Ұлтгар» журналындабасылды. 1958ж.туғанжерге оралып,а. ш-ның түрлі салаларында қызмет атқарды. Өзі қайтыс болған соң,шығармалары «Көш керуен» (1992) атты жеке жинақ болып басылып шықты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *