АЛТЫНШЫ ДАУЫС

Рахаттың көк теңiзiн жалдадым,
Тұңғиықтан тердiм сезiм маржанын.
Сонда ғана парықтаған шығармын,
Дүниенiң қымбаты мен арзанын.
Жанарымды қадап оң мен солыма,
Жасқанбастан түстiм жастық жолына.
Тағдырымды махаббатқа тапсырдым,
Жүрегiмдi ұстаттым да қолына.
О, махаббат,
Заңғар шыңсың мен бiлсем,
Таймастай бiр тұғырыңа қондыр сен.
Қасиеттi ғұзырыңа бас ұрдым,
Мен сендiкпiн, ғұмырыңа сендiрсең.
Үрле, лаулат кеудемдегi шоғымды,
Ал, өртiмдi өзiң сөндiр, сөндiрсең.
Бұзып кiрiп терезесiн тылсымның,
Осылайша махаббатқа құлшындым.
Көңiлiме қанат байлап ұшсам да,
Ұшығына жете алмаппын бiр сырдың…
Мен қалайша қурамайын, солмайын,
Қарыс жерде тұрыпты ғой сор дайын.
Шықпай жатып тасқа тиiп маңдайым,
Ащы удан ойылды бал таңдайым.
Құсаландым–қаным қайнап, жан күйiп,
Артымда–ор, алдымда-оппа, жар биiк.
Қонбақ келiп, менiң аққу төсiме,
Қалбаңдаған қара қарға жарбиып.
Бар қызығым айналды да елеске,
Белдi байлап, түстiм тартыс егеске.
Отқа күйiп шырқырады махаббат,
Өмiр деген бал махаббат емес пе?
Махабаттың басып қиын соқпағын,
Маңдайымды қайда апарып соқпадым?
Жетiм жүрек жанарынан жас төгiп,
Жетi түнде жұлдызымды жоқтадым.
Өмiр сiрә емес шығар суық мұз,
Менiңше ол лапылдаған от-жалын

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *