АЛТЫАЯҚ-қазақ поэзиясына Абай енгізген шумақ түрі. Ақын осы шумақ өрнегімен «Бойы бұлғаң…»,»Буынсыз тілің…», «Бай секілді…», «Қорболды жаным…»,»Қуатты оттай бұрқырап…»,»Ем таба алмай…», «Кешегі Оспан…», т.б. өлеңдерін жазған. Әр шумақ алты жолдан түзіледі. А-тың бірінші мен екінші, төртінші мен бесінші,үшінші мен алтыншы тармақтары өзара ұйқасады. 3-ші мен 6-шы тармақтары жеті буыннан құралса,басқа жолдары төрт буыннан тұрады. Аталмыш өлең өлшемін Абайдан кейін көрнекті ақындар А.Байтурсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, С.Дөнентаев, С.Сейфуллин, С.Мұқанов т.б. пайдаланды.