АЛТАЙ Асқар

АЛТАЙ Асқар (12.4.1963 ж.т., Шығ. Қазақстан обл. Зайсан қ.) -жазушы. КазҰПУ-ды бітірген (1984). 1984 -89 ж. Алматы обл. Күрті аудандық «Шұғыла» газетінде тілші. С.Мұқанов мұражай үйінде кіші ғыл. қызметкер. Қазақ теледидары «Алатау» бағдарламасында жауапты редактор, бөлім меңгерушісі. 1989 -1994 ж. «Жұлдыз» журналының әдеби сын бөлімінде редактор, бөлім меңгерушісі,1994 -95 ж. «Ер-Дәулет» ақпараттықагенттігінде бас редактордың орынбасары. 1995 -1998 ж Қаржы министрлігінің «Қаржы-қаражат» журналында бас редактордыңорынбасары, басредактор. 1998-2004 ж. «Білім» баспасында жетекші редактор,»Атамұра» баспасында редактор қызметтерін атқарған. 2004 жылдан «Арда» баспасының бас директоры.А-дың «Алтай балладалары» («Алтайдың ал-қызыл модағайы»),»Қайың сауған. Ел ауған» романдарының,»Қызыл бөлтірік»,»Қара бура»,»Қаладағы құлпандар» повестерінің авторы. «Қыр мен қала хикаялары» (1998),»Алтай новелласы» (2001),»Салбурын» (2005). т.б. жарық көрген. «Қызыл бөжірік» повесі 1997 Халықар. Сорос қорының грантын жеңіп алып. сол қордың шығарған «Повестер мен әңгімелер» атты жинағына енді. Халықар. «Алаш» сыйл. лауреаты (2003).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *