АЛПЫСБАЕВ Құныпия Қожахметұлы (4.8.1949 ж.т., ҚХР, Іле-Қазақобл. Баяндай а.) -ғалым. филол. ғыл. докт. (2000),проф. (2001). ҚазҰУ-ды бітірген (1974). 1974 -75 ж. осы ун-тте кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары. 1987 -1989ж. дайындық бөлімі деканының орынбасары. 1993 -94 ж. сырттай оқытатын филол. ф-тінің деканы. 1994 -95 ж. аға ғыл. қызметкер болып жұмыс істеді. 1996 жылдан ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі. Ғыл.зерт. еңбектері қазіргі қазақ әдебиеті мәселелеріне, қазақ поэмасы мен тарихи шығармалардың көркемдік құндылықтарын саралауға арналған. Бірқатар мақалалары шет елдерде (Түркияда, Қытайда) басылған. ҚР Білім беру ісінің үздігі (1997).