АЛДАМЖАРОВ Бегділдә

АЛДАМЖАРОВ Бегділдә (3.4.1946 ж.т.. Қызылорда обл. Қазалы ауд.) -жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1970). Әр жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде. «Жазушы» баспасында,Қазақ теледидарында қызмет атқарған. Қазір «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі. А. оннан астам кітаптың авторы. Ол Фирдоусидің «Шахнама» эпопеясының «Мәнішеһір» (1973) және «Кей Хосроу» (1976) дастандарын, грузин шайыры О.Челидзенің балаларға арналған «Алхан мен Шалхан» атты дастанын (1971) қазақ тіліне аударды. А.Пушкин, А.Блок, Е.Евтушенко, Б.Ахмадуллина, А.Вознесенский, т.б. шайырлардың өлеңдерін аударып, жинақтарда бастырған. Бірқатар ән мәтіндері «Ауыл кеші көңілді» жинағында жарық көрген. Сын жанрында да қалам тартып жүр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *