Қайғысының түкпірін қазып көрсең

Қайғысының түкпірін қазып көрсең,
Бар уайымы бес күндік азықпен тең.
Қайда апарып қағары тағы да айқын,
Қолдарына тоқпақ пен қазық берсең.
Не табамын таусылып мыжығанда,
Ми қайнайды аспаның шыжығанда.
Масаттанып миғұла масайрайды,
Өз қолымен өз басын мұжығанға.
Құдай білер пенде кім, періште кім?
Бірің өліп, бірің қал–керіскенің!
Тайқы біткен қазаққа тар маңдайым,
Кепкен қайың безіндей беріш пе едің?..
 
 
 

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *