ОЙ, АЛЛА

Сенейін бе, сенбейін бе ой,Алла!
Сұмдық көрдім түсімде емес ояуда.
Мысық біткен жолбарысқа айналып,
Арыстан боп ақырады қоян да.
Айналыпты борсық, суыр–аюға,
Шортан–китке, шабақ балық–жайынға.
Арқырайды шегірткенің айғыры,
Ырық бермей қырға жылқы жаюға.
Пілге айналып күркірейді доңыз да,
Доңызбын деп дөңкиеді қоңыз да.
Шыбын-шіркей көкте құспен таласып,
Арқау болды таңғажайып аңызға.
Күжілдеген шығады айғай әр тұстан,
Дырду-думан өңкей дию тартысқан.
Жер тарпиды тайбуырыл–тасбақа,
Түксиеді түйе балуан–көртышқан.
Балпаң басып қарға жүрді жораға,
Күзетшіге қыран қалды қорада.
Ақсұңқар боп ала қанат сауысқан,
Хайуанаттар қаласында төраға

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *