ИТЕШ Кішкейұлы

ИТЕШ Кішкейұлы (1825. Шығ. Қазақстан обл. Аягөз ауд. -1905. сонда) -шешен. Керей руының көсе тармағынан шыққан. И. бұрынғы Ақшәулі болысына қарасты тоғыз старшын ауылды басқарған би болған. Сөз-сайыс, билік-тартыста И. ешбір биге дес бермеген. И. Тайлақ Төремен жиі кездесіп, екеуі ұзақ айтысатын болған. Екеуінің шешендік сөз сайысын жұрт әдейі іздеп барып тыңдаған. И. ел арасындағы түрлі даулы мәселелердің әділ шешілуіне қатысып, төрелік айтқан. Ел аузында И-тің шешендік сөздері көп сақталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *