ИСМАҚОВА Айгүл Серікқызы (24.3.1958 ж.т., Қарағанды обл. Жаңаарқа ауд. Атасу а.) -ғалым, филол. ғыл. докт. (1998). Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тын бітірген (1980). 1980 ж. Әдебиет және өнер ин-тының аға лаборанты, Мәскеудегі Әдебиет ин-тында тәжірибеден өтеді. 1982 -85 ж. осы бөлімнің аспиранты. 1985 -2002 ж. Әдебиет және өнер ин-тының әдебиет теориясы бөлімінің ғыл.
қызметкері, аға ғыл. қызметкері, 2002 жылдан ин-тта бөлім меңгерушісі.