ИСМАИЛ әл-ЖАУҺАРИ әл-ФАРАБИ Исмалил бин Хаммад әл Жауһари Әбу Наср әл-Фараби

ИСМАИЛ әл-ЖАУҺАРИ әл-ФАРАБИ Исмалил бин Хаммад әл Жауһари Әбу Наср әл-Фараби (940; Отырар -1008. сонда) -ғалым,ақын. Нағашысы Исхақ әл-Фараби оны Бағдадқа алдырып,белгілі араб ғалымдары Әбу Әли әл-Фараси мен Әбу Саид ас-Сирафидің дәрістерін тыңдатады. И. әл-Ж. әл-Ф. Хижазға сапар шегіп,жергілікті бәдәуилердің тіл ерекшеліктерін меңгеріп, болашақ еңбектеріне қажетті білім жинаған. Одан Хорасанға қайтып,Нишапур менРесейдіңарасындағыДамиғанда тұрған. Дамиғанда Әбу-Әли әл-Хусайн Әлимен танысып, одан каллиграфия ілімін үйренеді. Белгілі ортағасырлық ғұлама ас-Саалиби И. әл-Ж. әл-Ф. жазуының ерекше әдемілігіне тоқтала келіп, «оның жазуын аббастық халифаның уәзірі әрікаллиграфы Әбу Аб-долла бин Мұқланың жазуынан айыру қиын» деп жазған. И. әл-Ж. әл-Ф. ғылымда «ас-Сихах» атты еңбегімен белгілі. Еңбектің толық атауы: «Тәж әл-луғат уа сахах әл-арабийа» («Тілтәжі және араб тілінің дұрыс сөздері»). Бұл еңбек -40 мың түбірді біріктірген араб тілінің классик. түсіндірме сөздігі. Сөздік араб тілі ғана емес, әдебиеті жөнінде де аса бай мағлұмат береді. Сөздіктің үлгілері Лондон, Берлин, Булан, Каир, Калькутта, Лейден, Махачкала, Париж, Санкт-Петербург, Ташкент, Тебриз, Эс-куриал, т.б. қалалар мұражайлары мен кітапханаларының қолжазба қорларында сақтаулы. Алғаш рет «ас-Сихах» Сауд Арабиясының королі Фахд бин Әбд әл-Азиз әл-Саудтыңалғы сөзімен 1956 ж. Каирде жарық көрген. Кейін Бейрутте үш рет қайталанып (1979,1984,1990) басылды. И. әл-Ж. әл-Ф-дің бұл шығармасы бүгінде 6 томнан тұрады. И. әл-Ж. әл-Ф-ді бұдан басқа «Аруд әл-урқати», «Муқаддимат фи-н-на-ху» трактаттарының авторы. «Му-қаддимат фи-н-наху» атты еңбектері бар. «Аруд әл-урқатадың» («Аруд») қолжазбасы 1991 ж. Түркияның Стамбұл қ-ндағы Атыф Ефенди кітапханасынан табылған. Қолжазбаны түрік ғалымы Нихад Четин тауып,»Ислам энциклопедиясында» «Аруд» атты мақала жариялады. Алайда қолжазбаны жариялауға үлгермеген. Шәкірті Мүхаммад Сади Чугенлі 1994 ж. Ерзурум қ-нда И. әл-Ж. әл-Ф. осы еңбегіне алғы сөз жазып,қолжазбаны жарыққа шығарды. Он ғасыр бойы тағдыры белгісіз болып келген бұл шығарма толық сақгалып жеткен өлең теориясы жөнінде жазылған трактаттардың ең көне нұсқасының бірі. И. әл-Ж. әл.-Ф. ғыл. еңбектерімен қатар поэзиялық шығармалар да жазған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *