ИСМАИЛОВ Рабик Изимұлы

ИСМАИЛОВ Рабик Изимұлы (2.9.1934 ж.т.,Алматы обл. Шелек ауд.) -ғалым, жазушы. Ташкенттегі Орта Азия мемл. ун-тін бітірген (1960). 1960-63 ж. «Мектеп» баспасында корректор,редактор болған. 1992-97 ж. респ. ұйғыр мәдениет қоғамын басқарған. Казір ұйғыр мектептерінің мәселелері жөніндегі үйлестіру орт-ның төрағасы. «Ұйғыр әдебиетін үйренудің кейбір мәселелері» (1966),»Іздену жолында» (1976),»Ұйғыр пьесалары» (1985),»Заман және қаһарман» (1987),»Уйгурская драматургия от «Анархана» до…» монографиялардың,2 жинақтың,200-ден астам мақалалардың,очерктердің,9 және 11-сыныпқа арналған «Ұйғыр әдебиетінің» авторы. Тарих. география, педагогика, философия, экономика саласындағы оқулықтарды ұйғыр тіліне аударған. Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *