ИСЛАМНАМЕ

«ИСЛАМНАМЕ»-өлең түрінде жазылған тарихи шежіре. Авторы -ұйғыр ақыны Молла Мұхаммед Абд әл-Әлім бен Ахун Арзу Мұхаммед. Шығарма 18 ғ-дың 2-жартысында шағатай тілінде жазылған. Автор шығарманы діни қауымдастық жетекшісі Аппақ Қожаның ұрпақтарын мадақтауға арнаған. Шығарма Шығыс Түркістан мен Жоңғар хандығының тарихын зерттеуде құнды дерек көзі болып табылады. Автор өзі баяндаған бірқатар оқиғалардың куәсі болған. «И-де»жоңғарлардың қазақгармен арадағы соғысы, қытай әскерлерімен шайқасы туралы мағлұматтар берілген. «И-нің» екі нұсқасы бар. Олар Ресей ҒА-ның Санкт-Петербургтегі Шығыстану ин-тында сақтаулы. «И-нің» жеке үзінділері «Материалы по истории казахских ханств XV-XVIII(А.-А.. 1969) атты жинақта жарияланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *