«ИСАТАЙ -МАХАМБЕТ»-тарихи дастан. Алғаш 1924 ж. Ташкенттен шығатын «Сәуле» журналында басылған. Көлемі 30000 жол. Авторы -ақын Ығылман Шөкеров. Екі бөлімнен тұратын шығармада 1836 -37 ж. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық көтерілісі суреттеледі. Көтеріске басшы болған Исатай, Махамбет, Үбі, Қалдыбай, Таңатар, т.б. батырлар бейнесі «ел үшін ереуіл атқа ер салған» азаматтар ретінде бейнеленеді. «И. -М.» дастанында кездесетін жер-су, ру мен адам аттарының тарихи негізі бар. Дастанда Жәңгір хан, Баймағамбет, Қайболды, Шыман, т.б. кейіпкерлер оқиға үстінде өздерінің іс-әрекетгерімен даралана түседі. «И. -М.» дастаны -19 ғ-дағы қазақ халқының азаттық күресі тарихын шынайы бейнелеген көркем шығарма.